Балалар колонияларына енді ІІМ жауапты болмайды

621

Балалар колонияларына енді ІІМ жауапты болмайды

Еліміздегі балалар колониялары бұдан былай ІІМ-ге емес, білім және ғылым министрлігіне қарайтын болады. Қылмыстық атқарушылық жүйені модернизациялау аясында осындай өзгеріс енгізу жоспарланған, деп хабарлайды .

Енді кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәртібіне Ерлан Сағадиев басқаратын ведомство жауапты болмақ. Ал темір торға тоғытылғандардың денсаулығын денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды.

Сонымен қатар, сенаттағы отырыста Қалмұхамбет Қасымов қылмыскерлерге әдеттегідей 6 режим бойынша емес, 5 режим бойынша сотта үкім шығарылу керектігін атап өтті, яғни, максималды қатаң және аса қауіпті режимдер бір деңгейде болады. Бұл өз кезегінде колониялардың санын азайтуға сеп болмақ. 

Қазіргі таңда 4 колония жабылып, одан үнемделген ақша саладағы қызметкерлердің ақшасын көбейтуге жұмсау көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу