Балалар коронавирустың "дельта" штаммын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

713

Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммын жұқтыра бастады.  

Балалар коронавирустың "дельта" штаммын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, "дельта" штаммын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

"Балалар арасында "дельта" штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни, COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, "дельта" инфекциясын әлі егілмеген адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез-келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өздерінің иммундық жүйесі "дельта" нұсқасынан қорғай алады деп сенімділікпен айта алады. Ал вакцинацияланбағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендіктерін түсінулері керек", - деді Алмаз Шарман.

Айта кетейік, бүгінде елордада 230 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 152 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу