Балалар Қытайда қалған ата-аналарын Қазақстанға қайтаруды сұрайды

890

Балалар Қытайда қалған ата-аналарын Қазақстанға қайтаруды сұрайды

Бұл мәселе сыртқы істер министрлігіне таныс. Мамандар олардың бірқатары туралы мәлімет жинап, ресми Бейжіңге дипломатиялық нота жолдаған деп жазады kaztrk.kz.

"Дегенмен, ол жағдай турасында ресми хабарласып жатқандар аз", - дейді. Сол себепті, ата-анасынан қанша жеткіншек ажырап қалғанын дәл айту қиын. Сондай-ақ, брифингте қазақстандық мигранттарды алдап, одан пайда табатын алаяқ компаниялардың көбейгені айтылды. Бұл шетелдерге жұмыс іздеп кету үрдісінің белең алғанына байланысты болып отыр.

"Олардың схемасы өте оңай. Мысалы, сізден 4000 доллар алды деп есептейік. Соның 300-ін виза алған жағдайда төленеді немесе құжат дайын болған жағдайда төленеді, я қайтарылмайды деп келісімшартқа жазып қояды екен. Бір айдан кейін қалған ақшаны қайтарып береді екен де, құжат жасалмайды деп, уақыт өткізіп жібереді", - дейді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Мұндай айлалы жолмен ақша табуға көбінесе өзіміздің компаниялар машықтанып алған екен. Ал, қалтасы қағылған азаматтар заңсыз жолмен шекара кеспек болғандықтан, шағымдана да алмайды. 

Биыл Кореядағы қазақстандық мигранттар елімізге 100 млн доллар көлемінде ақша аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу