Балалар лагеріндегі жағдай алматылық ата-аналардың ашуын туғызды

462

Олардың сөзінше бұл лагерьде ерлерге арналған сауна ұйымдастырылған. Бұл туралы желі қолданушыларының бірі жазды. 

Балалар лагеріндегі жағдай алматылық ата-аналардың ашуын туғызды Фото: Facebook парақшадан

Мегаполистен 18 шақырым жерде орналасқан "Арман дала" балалар лагеріндегі жағдай ата-аналардың ашуын туғызды, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл Алматыдағы балалар лагерлеріне халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары тегін жолдама алған.

Желі қолданушысы Инна Рокеровнаның жазуынша, балалар ата-аналарына "Арман дала" лагерінде жағдайдың жасалмағанын хабарлаған. Ата-аналар бірден мекемеге барып, оқиға орнында бейнежазбалар түсірген.

"Балалар лагерьге жетпей саунаға орналастырылған. Олар еденде жатты. Бір бөлмеге қыздар мен ұлдарды бірдей орналастырған. Іс жүзінде балалар Ұзынағаш ауылындағы "Алтын Дала" лагерінде болуы керек еді", - деп жазды.

Алматының білім басқармасы ата-аналардың шағымынан кейін "Арман дала" лагеріне мамандардың шұғыл түрде шыққанын хабарлады.

"Білім басқармасы бұл ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады. Қазіргі таңда балалар үйлеріне жеткізіліп жатыр, жақын арада олар басқа лагерьлерге жіберіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу