Балалар лагерлерінде бақылау камералары жұмыс істеуі тиіс – Үкімет басшысы

201

2026 жылдың соңына дейін  балаларды сауықтыратын 50 лагерь құрылады. 

Балалар лагерлерінде бақылау камералары жұмыс істеуі тиіс – Үкімет басшысы Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жазғы лагерлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың соңына дейін  балаларды сауықтыратын 50 лагерь құрылып, балалардың инновациялық шығармашылығының 100 орталығы салынады. Қазірдің өзінде жыл бойы жұмыс істейтін 2 лагерь және 9 шығармашылық орталығы ашылды",- деді Үкімет басшысы.

Олар балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек.

"Балалар лагерлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс екенін ерекше атап өтемін. Жаз кезінде білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік жүйелерін жарақтандыру және оларға қызмет көрсету жұмысын да жалғастыру қажет", - деп жалғастырды ол.

Олжас Бектеновтің сөзінше, лагерлерде балалармен жұмыс істейтін персоналды мұқият іріктеу керек.

"Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, балалардың жазғы демалысы мен оларды еңбекке баулу барлық жерде бірдей тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін атүсті жүргізіледі. Танымдық және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы нашар, балалардың қызығушылығы мен бейімін ескермейді. Қауіпсіздік және санитариялық талаптар бойынша шешілмеген мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға қарай шешу керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу