Балалар омбудсмені Б.Шүменов туралы: "Оны "Қорқыту" бабы бойынша жауапқа тарту қажет"

749

Бүгінде полицейлер "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады. 

Балалар омбудсмені Б.Шүменов туралы: "Оны "Қорқыту" бабы бойынша жауапқа тарту қажет" Фото: Almaty.tv

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz

"Ішкі істер министрлігіне қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны ҚР ҚК-нің 115-бабы ("Қорқыту") бойынша жауапкершілікке тарту қажет деп ойлаймын", - деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.

Балалар омбудсменінің айтуынша, қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу бойынша жауапкершілікті көздейтін бап жоқ.

Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі туралы заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетінін атап өтті.

Айта кету керек, 18 маусым күні елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде танымал спортшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Төбелестің бейнежазбасы желіге таралған.

Осыған дейін Мәдениет және спорт министрлігінің боксшы Бейбіт Шүменовтің әрекетіне қатысты түсінік бергенін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу