Келесі жылдан бастап 1- сынып оқушылары "Цифрлық сауат" пәнін оқиыды.
Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.
"Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ онда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар ғана үйретілді. Бағдарлама жаңартуды талап етті. 2021 жылдан бастап "Цифрлық сауат" пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің мәлімдеуінше, мектеп оқушылары IOS, Android операция жүйелерін және Python, С++ сияқты бағдарламалау тілдерін де меңгереді.
"Бұл үшін облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT-лицей ашылды. 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет