banner

Балалар шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысады

1022

Енді балалар шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Балалар шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысады

Бұл жеңілдік бірінші мамырдан басталды.Бірақ көпшілігі білмейді. Сондықтан сіздерге толымды ақпарат бермекпін. Басты талап - баланың жасы 4 пен 17 жас аралығында болуы тиіс, екі  үйірме ғана таңдауға болады.  Тегін қызметке қол жеткізу үшін artsport.edu.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Ата-ана өзі туралы ақпаратты, балалары туралы мәліметті енгізген соң секцияны таңдауға өтесіз. Ол жерде Қазақстанның картасы шығады, тиісінше өз өңіріңізді белгілеп, балаңызға қажетті бағытты таңдайсыз. Іздеу батырмасын басқан соң қызметті ұсынатын ұйымдардың тізімі шығады. Алдын ала тіркеген баланы таңдап, жазыласыз. Бес күн ішінде жауап келеді.  Ескеретін жәйт, тегін қызметті ұсынатын ұйымдарда орын шектеулі. Көк түс бос орындар бар дегенді білдірсе, сары белгісі лимит асты деген сөз.Яғни ол жерге жазылу мүмкін емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу