Футбол ойнай алмаған оқушыны сыныптастары үнімі мазақтап, соңында 12 жасар бала суицидке барған. Аталған дерек туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"Криминалистикада бірнеше мәрте қайталап қылмыс жасаған адамдардың басым бөлігі қатарластарының кемсітушілігіне ұшырағанын, отбасындағы нашар қарым-қатынас қалыптасқанын көрсетіп отыр. Осындай жағдай еліміздегі мектептердің бірінде орын алды. 12 жастағы оқушылар өз сыныптастарына футболды жақсы ойнай алмағаны үшін психологиялық қысым көрсетіп келген. Олар сайыста командаларының бірнеше жеңілуіне сыныптастарын кінәлі деп тапқан. Кейін келемеждеуге ұшыраған бала өзіне қол салып қайтыс болды", - деді Марат Қожаев.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары айтуынша балалар суицидінің 80%-ының себебін анықтау мүмкін емес.
Құралай Құдайберген