Балалар тамағы мен жөргектер 30%-ға қымбаттады

796

Балалар тамағы мен жөргектер 30 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Балалар тамағы мен жөргектер 30%-ға қымбаттады

Жыл басынан бері бүлдіршіндерге ең қажет тауарлар бағасы 4 рет құбылыпты.

– Оған геосаяси ахуал себеп, – дейді кәсіпкер.

Өйткені Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс басталғанша Қазақстан жөргектерді солтүстіктегі көршімізбен бірігіп алатын.

Енді санкциялардың құрсауында қалған Ресеймен бірге тауар алу түгілі дайын өнімді жеткізу қиынға соққан.

Логистиканың күрделенуінен баға да шарықтап кетіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу