Балалар үйінен кетіп қалған жасөспірім табылмай жатыр

1591

Әлішер Жанзақов "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 5 шілде күні кетіп қалған. 

Балалар үйінен кетіп қалған жасөспірім табылмай жатыр

"Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған Әлішер Жанзақов табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбелік еріктілер, полиция 17 жастағы Әлішер Жанзақовты әлі іздестіріп жатыр. Қала тұрғындарының арасында оны көргендер бар, дегенмен нақты қай жерге тұрақтағаны әлі белгісіз.

"Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 5 шілде күні кетіп қалған, содан бері табылмады. Оны көрген адамдар бар, іздеу жалғасады", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Орталық директоры Өмірбек Текешовтың айтуынша, жасөспірім бұған дейін Темір ауданында тәрбиеленген, кейін Ақтөбеге жіберілген. Ата-анасы бар бала бесінші шілдеден бері іздестіріліп жатқанымен, еш хабар жоқ.

"Бұған дейін де осындай жағдай болған. Шындығында мен бала туралы жан-жақты ақпарат бере алмаймын. Оның анасы бар", – деді Өмірбек Текешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу