Балалар үйінің 44 тәрбиеленушісі отбасына оралды

854

Балалар үйінің 44 тәрбиеленушісі отбасына оралды

Жыл басынан бері Астана қаласының мамандандырылған балалар үйінің 44 тәрбиеленушісі отбасына оралды, деп мәлімдеді мекеме директоры Сәуле Кенжебаева. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.

"Жыл басынан бері біздің мекемеге 44 бала қабылданды. Сонымен бірге 48 бала кетті. Оның 4 мүмкіндігі шектеулі бала, оларды қалалық психо-неврологиялық мекемеге ауыстырдық. Ал қалған  балалардың барлығы үйлеріне қайтты. Яғни өзінің биологиялық ата-аналары мен туған-туыстарына және асырап алушы азаматтарға тапсырылды. Біз ол үшін қуаныштымыз", - деді мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжеаева.

Оның айтуынша, мекемедегі балалар үш бағытқа бөлінеді. Олар ата-аналары туа салысымен бас тартқандар, мүмкіндігі шектеулі әрі ерекше күтімді қажет ететін балалар. Сондай-ақ ата-аналары тұрмыстық жағдайына байланысты уақытша тапсырған кризистік бөлімнің балалары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу