Балалар үйінің түлегі Елбасын қоныс тойына шақырды

1463

Балалар үйінің түлегі  Елбасын қоныс тойына шақырды

Қарағандыда тұратын Ғабдуллиндер отбасы қараша айында өтетін қоныс тойына Елбасын қонаққа шақырып отыр. Балалар үйінде өскен Бақытгүл Ғабдуллина 1991 жылы Президентке көмек сұрап хат жазады. Көпшілік бұған күле қарағанымен, аз уақытта Елбасынан жауап хат келеді. Осылайша, 20 жастағы бойжеткен баспаналы болып, жұмысқа орналасты. Көп ұзамай тұрмысқа шығып, жолдасы екеуі отбасылық бизнес жүргізеді. Қазір олар үй салып жатыр.

Ғабдуллиндер жанұясы Тәуелсіздікпен бірге өсіп, өркендеп келеді. Бүгінде үлкен ұлдары Шыңғыс медициналық университетте білім алып жатса, қыздары Әмина АҚШ-та оқып жүр. Олар күміс тойларын зәулім үйде атап өтуді жөн көріпті. Қазір құрылысы аяқталуға жақын. Сөйтіп қараша айында қоныс тойын қоса өткермек. Осы қуанышта ортамызда Елбасы болып, алғысымызды білдірсек дейді бұл отбасы мүшелері.
24.kz
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу