Балалар үйірмелері мен секцияларының бағасы өзгереді

720

Оқытушылар мен жаттықтырушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар күшейтіледі.

Балалар үйірмелері мен секцияларының бағасы өзгереді

Балалар үйірмелері мен Artsport секцияларын субсидиялау бағдарламасы барлық бүлдіршіндерді қамти алмайды. Сондықтан оның шарттары қайта қарастырылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

"Біз қандай жағдай болмасын жауапкершіліктен бас тартпаймыз.  Біріншіден, бағдарлама жабылады деген әңгіменің еш негізі жоқ.  Сонымен қатар, қазіргі уақытта барлық бекітілген және расталған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді.  Бұл үшін өңірлер қажетті қаражатты бөледі. Мәселен, Алматы әкімдігі бұл мақсаттарға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді", – деді Дәурен Абаев.

Министрлік деректерді тексеру, кезектерді автоматтандыру және қаражатты бөлу, қызмет көрсетушілердің есептерін тексеру және т.б. байланысты бірқатар кемшіліктер мен қателерге жол берген. Мәселені шешу үшін оқытушылар мен жаттықтырушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар күшейтіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу