Қазақстанда "Бір бала – бір ваучер" пилоттық жобасы аясында балалар үйірмелерін қаржыландыруға қатысты 38 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, ваучерлерді қайталап рәсімдеу, дербес деректерді алмастыру және балаларды үйірмелерге жалған қабылдау фактілері анықталған.
Тексеру нәтижесінде қызмет көрсететін 1804 жеткізушінің 170-і қосымша білім беру бейініне сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Бұзушылықтарды анықтауға OQU цифрлық жүйесі, QR-код арқылы сканерлеу және Face ID технологиялары көмектескен.
Қазір пилоттық жоба тағы бес өңірге кеңейтіліп, жалпы 11 облыста жүзеге асырылып жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.