Балалар үйлерінде вакцинация жүргізіле ме?

1509

Денсаулық сақтау министрлігі балалар үйлерінде мәжбүрлі вакцинация жүргізу туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар үйлерінде вакцинация жүргізіле ме?

Қазнетте Балалар үйлерінде балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген ақпарат тарады. Бейнеролик авторының айтуынша, жетім балаларға эксперимент жасау және оларды вакциналарды сынауға қатысуға мәжбүрлеу туралы оған "жіңішке әлемнен" хабарлаған.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды. Балалар үйіндегі балаларға да, отбасыларда тәрбиеленетіндерге де. Бұл –фейк", – деп хабарлады ведомстводан.

Бүгінгі таңда Қазақстанда КВИ-ге қарсы екі вакцина қолданылуда: ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық "QazVac". Екі препараттың клиникалық сынақтарына 18 жастан асқан адамдар қатысты. Яғни, бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы мәліметтер болмағандықтан екпе жасалмайды.

Қазақстандықтар вакцинаны ерікті түрде салдырады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар хабардар етілген келісімге немесе профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан бас тартуға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу