Балаларда COVID-19 вирусының клиникалық көрінісі сирек кездеседі

1034

Олар ересектермен салыстырғанда симптомсыз тасымалдаушы болуы мүмкін.

Балаларда COVID-19 вирусының клиникалық көрінісі сирек кездеседі

Бұл туралы "Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" ШЖҚ МКК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жұмагүл Ешибекова мәлім етті.

"Әр түрлі жастағы балаларға ерекше назар аудару керек, өйткені олар ауруды таратуда үлкен рөл атқарады. Балаларда COVID-19 вирусының клиникалық көріністері сирек кездеседі. Олар ересектермен салыстырғанда симптомсыз тасымалдаушы болуы мүмкін. Вирус жұқтырған балалар өздерінің жағдайының ауырлығына және аурудың клиникалық көрінісіне байланысты үйде оқшаулануы немесе ауруханаға жатуға тиіс. Карантиндік іс-шаралардың арқасында бүгінгі күнге дейін Алматыда вирус жұқтырған балалар саны 2,5-3%-дан аспады", – дейді маман. 

Сонымен қатар ол күзде маусымдық ЖРВИ-дің өршуі мүмкін деген пікірде.

"Ал бұл COVID-19 вирусымен бірге ауруды ағымын қиындатады және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін", – дейді дәрігер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу