Бұл туралы Кавасаки синдромы туралы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова мәлім етті.
"Балалардың COVID-19-ға шалдығу көрсеткіші төмен. Бар болғаны 1-5%-ды құрайды. Кейде жаңа туған нәресте де коронавируспен ауырады. Әрине, ол балаға анасынан жұғады. Балаларда ауру ағымы жеңіл өтеді. Алайда кейде асқынулар болады. Көбінесе 1 жасқа дейінгі дене салмағы аз балаларда, рахит, анемия мен демікпе, жүрек және эндокринді жүйе аурулары бар бүлдіршіндердің ауруы асқынып кетуі мүмкін. Мұндай балаларда пневмония 1,5 есе көп тіркеледі", – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Құралай Құдайберген