Балаларды аулада серуендетуге болмайды – полиция

1148

Үй жанындағы футбол алаңдарында да доппен ойнауға тыйым салынған.

Балаларды аулада серуендетуге болмайды – полиция

14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде қаланың полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов ТЖ кезіндегі қоғамдық тәртіпке байланысты онлайн брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатында полиция өкілі осылай деп мәлімдеме жасады.

"Балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарында серуендеуге тыйым салынған. Біз әкімдікпен бірлесе мұндай алаңдарды арнайы ленталармен байлап тастадық. Яғни ол жерлерде ойнауға, спортпен шұғылдануға болмайды. Ережені бұзғандар жауапқа тартылады", – деді Саденов.

"Карантин кезінде үйдің ауласына 15-20 минутқа шығуға болады ма?" деген сұраққа Саденов:

"Аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауларыңызды сұраймыз.Бұл өз денсаулығыңыз үшін маңызды. Менің жауабым осы", – деп жауап берді.

Сонымен қатар ол футбол алаңдарында да доппен ойнауға болмайтынын алға тартып, адамдардың тек медициналық мекемелерге, дәріханаларға, дүкендерге, жұмысқа және ресми таксилермен азық-түлік супермаркеттеріне баруға рұқсат етілгенін ескертті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу