Балаларды балабақша және мектеппен қамту әлі 100 пайызға жеткен жоқ

1085

Биыл жоспарланған 225 мектептің 49-ы пайдалануға берілді.

Балаларды балабақша және мектеппен қамту әлі 100 пайызға жеткен жоқ

Елде балабақшалар мен мектептер "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы 34 мың орынға 322 балабақша ашу жоспарланған. Оның ішінде, алты айдың қорытындысы бойынша, 12,9 мың орынға 140 балабақша ашылды", – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов сейсенбідегі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, 2-6 жастағы балаларды қамту 88,4%. 

"Биыл 1 003 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған. 2022 жылы 214 мың орынға 225 мектеп салу жоспарланды, оның ішінде қазіргі уақытта 22 мың орынға 49 мектеп пайдалануға берілді", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу