Балаларды дамыту орталықтары қызметіне кіріседі

866

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. 

Балаларды дамыту орталықтары қызметіне кіріседі

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауданы 2 мың шаршы метрді құрайтын азық-түлік емес дүкендері, сән салондары, балаларды дамыту орталықтары қызметіне кірісетінін жариялады. Азаматтардың серуендеуі үшін парктер мен скверлер ашылады. Тек парктердегі ойын-сауық қызметтері іске қосылмайды", – деді Ералы Тоғжанов үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Вице-премьердің сөзінше, кәсіпкерлер мен тұрғындардан сауда ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалардың және қонақ үйлердің қызметіне қатысты көп сұрақ түсіп жатыр. 

"Ерекше атап өткім келеді, дәл қазіргі уақытта олардың жұмысы басталмайды. Яғни мейрамханар, қонақ үйлер және сауда ойын-сауық орталықтары ашылмайды. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологилық жағдайға байланысты қарастырылады", – деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер төтенше жағдай режимінің аяқталуына қатысты пікір білдіріп, карантин кезіндегі шектеу шаралары нақты нәтиже бергенін тілге тиек еткен.  

"Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен карантин жалғасады", – деген Ералы Тоғжанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу