Балаларды дамыту орталықтарындағы қызмет құны 6%-ға қымбаттаған

804

Көрсетілген қызмет көлемінің басым бөлігі мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі. 

Балаларды дамыту орталықтарындағы қызмет құны 6%-ға қымбаттаған

2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша балаларды дамыту орталықтары қызметтерінің құны 6,2%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бағаның айтарлықтай өсуін сезінген. Бұл өңірде балаларды дамыту орталықтарының бағасы бір жылда 20,8%-ға артқан. Антилидерлер үштігіне Атырау (14,6%-ға артты) және Қызылорда (14%-ға өсті) облыстары кірді.

Павлодар облысында баға бір жыл ішінде тек 0,7%-ға ғана өскен. Ал Алматы қаласы мен Жамбыл облысында бағалар бұрынғы деңгейде қалды.

2022 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет көлемі 150,7 млрд теңгені құрады. Осылайша, бір жылда 31,5%-ға артып отыр. Оның ішінде шағын кәсіпорындардың қызметтері – 140,3 млрд теңге, орта кәсіпорындар – 9,3 млрд теңге, ірі кәсіпорындар – 1,1 млрд теңге. 

Көрсетілген қызметтер көлемінің басым бөлігі мемлекеттік кәсіпорындарға (87,9 млрд теңге) тиесілі. Жеке компанияларға – 62,4 млрд теңге, шетелдік компаниялар – 382,6 млн теңге.

2021 жылы аталған сектор бойынша көрсетілген қызмет көлемі 114,6 млрд теңгені құраған. 

Түркістан облысындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет көлемі 21,6 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 51,6%-ға артық әрі басқа өңірлерге қарағанда ең жоғары көрсеткіш болып отыр. 

Үздік үштік қатарына Алматы облысы (15 млрд тг) және Алматы қаласы (13,7 млрд тг) кіреді. 

Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында байқалады. Мұнда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет көлемі 3,6 млрд теңгені құрайды. 

Елордада (55%-ға артық) аталған саладағы қызмет көрсету көлемі артса, Қызылорда облысында (16,2%-ға көп) басқа өңірлерге қарағанда айтарлықтай айырмашылық байқалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу