Балаларды компьютерлермен қамту үшін 13 млрд теңге бөлінді

841

15 қарашаға дейін 75 мың оқушы білім алуға қажетті техникамен қамтылады. 

Балаларды компьютерлермен қамту үшін 13 млрд теңге бөлінді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов онлайн брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірдегі оқушыларды толық компьютерлермен қамту жұмыстары 1 қазанда аяқталуы керек болған. Алайда пандемияға байланысты шекаралар жабылып, бұл жұмыстар осы уақытқа дейін созылған. 

"Балаларды компьютерлермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 20 мың компьютер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар осы мақсатта республикалық бюджеттен 8,9 млрд теңге қарастырылған. Аталған сомаға 55 мың компьютер мен планшет сатып алынды. Оның басым бөлігі оқушыларға таратылып берілді. 15 қарашаға дейін осы жұмыстарды аяқтамақпыз", – деді облыс әкімі. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу