Балаларды қорғау жүйесінің жаңа тетігі бекітілді

1212

Мәжілісте жаңа заңға қандай міндет жүктелгені жарияланды.  

Балаларды қорғау жүйесінің жаңа тетігі бекітілді

Былтыр 1 сәуірде Президент "Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Құжатта тағдыр теперішіне тап болған балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтерді дамыту саласындағы реформалар қарастырылды.

Бүгін мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Ұлыбритания елшілігі және еліміздегі БҰҰ балалар қорының қолдауымен мемлекеттік орган өкілдерімен сараптамалық жиын өткізді.

Жиында сөйлеген сөзінде комитет төрағасы Нұрлан Әбдіров аталмыш заң қабылданғанда қылмыстық, қылмыстық-процестік, азаматтық процестік кодекстерге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы, неке және отбасы туралы кодекстерге түзету енгізілгенін айтты.

"Бұл заң "медициналық-әлеуметтік есеп" атты балаларды қорғау жүйесінің жаңа тетігін бекітті. Оған өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету міндеті жүктелді. Заң шығару барысында депутаттарға көрсеткен қолдауы үшін БҰҰ балалар қоры мен Ұлыбритания елшілігіне алғысын айтамын және  заңнаманы жетілдірудегі ынтымақтыстыққа үміт артамын", – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу