Балаларды өлімші қылып ұрған адамға қандай жаза қолдану керек?

528

Жыл басында дүйім жұртты дүрліктірген оқиға бүгін сотта алғаш рет қаралды.

Балаларды өлімші қылып ұрған адамға қандай жаза қолдану керек?

Астанадағы мүгедек балаларды оңалту орталығының тәрбиешесі жарты жылға жуық мүмкіндігі шектелген балаларға зорлық көрсетіп келген. Ұрған, соққан, тіпті, ата-анасы әкеп жатқызып кеткен жерінен күні бойы қозмаған фактілер де бар екен.

Камераға қараудан да, сөйлеуден де бас тартып тұрған – Астанадағы "Балам-ай" орталығының оқиға орын алған филиалының меңгерушісі. Қаңтар айында жұрттың жағасын ұстатқан жағдай дәл осы жерде болған. Мүмкіндігі шектеулі, мылқау Барманакова есімді тәрбиеші жарты жыл бойы балаларды аяусыз ұрып келген. Денсаулығындағы кінәрат пен білімінің жоқтығына қарамастан, мемлекеттік мекемеге жұмысқа алынған. Ол түрлі диагнозы бар балаларды тұншықтырған, тамақ жемегені үшін ботқаны ауыздарына күшпен тыққан. Тәрбиеленушілерге қараудың орнына әлеуметтік желіні кезген ол мазасын алғанды тек төмпештеп отырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу