Балаларды жыныстық қатынасқа тартқан шенеунік 3,5 жылға сотталды

357

Ол жасөспірімдерді 2018 жылдан бері жыныстық қатынасқа тартқаны белгілі болды. 

Балаларды жыныстық қатынасқа тартқан шенеунік 3,5 жылға сотталды Фото: Verlag Lensing-Wolff GmbH & Co. KG

Германияда Люнен мэрінің бұрынғы орынбасары балалар порнографиясын көргені және кәмелетке толмағандар интимдік хаттар жолдағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bild басылымына сілтеме жасап.

41 жастағы Даниэль Вольски жасөспірімдерге өзінің жалаңаш суреттерін жіберіп, оларды кездесуге көндірмек болған. Оның үстіне саясаткер ұлдармен де, қыздармен де хат жазысқан.

Кездесуге көнген балаларды зорлап, орнына аз мөлшерде ақша немесе сыйлық берген. Вольски жасөспірімдерді 2018 жылдан бері жыныстық қатынасқа тартатыны белгілі болды.

Тергеу барысында ер адам балалар порнографиясын сақтап жүргені белгілі болды. Осыдан кейін ол бірден қызметінен кетті. Бес аптаға созылған сот отырысының екінші күнінде әкімнің бұрынғы орынбасары өз кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленушілерге 1000 еуроға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеген.

Судья оны кінәлі деп тауып, емделуге кеңес беріп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол түрмеде жазасын өтей бастағанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу