Балалардың атына жеке кәсіпкерлікті қай кезде рәсімдеуге рұқсат етіледі?

80

Елімізде мұндай мүмкіндік кәмелетке толмағандар үшін де қолжетімді.    

Балалардың атына жеке кәсіпкерлікті қай кезде рәсімдеуге рұқсат етіледі? Фото: nalogikz.kz

Алайда кейбір шектеулер бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда балалардың атына жеке кәсіпкерлік (ЖК) рәсімдеуге болады. Жеке кәсіпкер мәртебесі тек 14 жастан бастап беріледі. Кәмелетке толмағандарды кәсіпкер ретінде тіркеу үшін ата-анасының, заңды өкілдердің келісімі немесе толық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттар қажет (16 жастан асқандар үшін).

18 жасқа толмағандарға ЖК-ні мемлекеттік кірістер органдары, ХҚКО немесе eGov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады.

Жеке кәсіпкер – бұл заңды тұлға емес, бірақ өз атынан және өз тәуекелімен табыс табу мақсатында заңды қызмет жүргізетін жеке тұлға.

Әдетте жеке кәсіпкер ретінде шағын айналымы бар немесе заңды тұлға ретінде толық тіркелу талаптарына сай келмейтін жағдайларда рәсімделеді. Мысалы, такси жүргізу, шаштараз, массаж жасау сияқты жеке қызмет көрсететіндер немесе шағын сауда нүктелері мен өндірістер. Кейбір жағдайларда жеке кәсіпкер тіркеу міндетті емес – онсыз да табыс табуға болады.

Кәсіпкер мәртебесі қазақстандықтарға заңды түрде жұмыс істеуге және салықты оңтайландыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу