Балалардың болашағын тек мұнай-газбен байланыстыру дұрыс емес – Нұрлан Ноғаев

3414

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Балалардың болашағын тек мұнай-газбен байланыстыру дұрыс емес – Нұрлан Ноғаев

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Жаңаөзенге барған жұмыс сапарының екінші күні Рахат, Теңге ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, тұрғындармен кездесті.

Кездесуде Теңге ауылының әкімі Сәрсенбек Қалаубаев жыл бойы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарлары туралы айтты. Нұрлан Ноғаев облыста қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізіп, сұрақтарға жауап берді. 

Сондай-ақ ол болашақта балалар сұранысқа ие мамандықтарды таңдау керегін атап өтті.

"Бүгінде болашақты мұнай-газ саласымен ғана байланыстыру дұрыс емес екенін түсінуіміз керек. Перспективалы салалар бар. Олар – ауыл шаруашылығы, теңіз ісі, IT салалары. Өскелең ұрпаққа мұнай саласынан бөлек жеке әлеуеті мен дарынын ашуына мүмкіндік беруіміз керек. Сонда ғана балаларымыз бәсекеге қабілетті болады, – деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Теңге ауылында 17 мыңнан аса адам. Ауылда 3 орта мектеп, 2 мектепке дейінгі білім беретін балабақша жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу