Балалардың демалысын ұйымдастыруға 282 миллион теңге қарастырылған

564

Балалардың демалысын ұйымдастыруға 282 миллион теңге қарастырылған

Ақтөбе облысында биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 282 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтөбе қаласының маңындағы лагерьлерде - 11 405, мектеп жанындағыларда – 56 281, палаталыда – 17 486, ата-аналарының есебінен тағы да 33 084 оқушы демалады. Өңірде 11 қала сыртындағы, соның ішінде, 3 - мемлекеттік, 8 жеке лагерьлер жұмыс істейді, онда 11 мың бала демала алады. Ерекше білім талаптары бар балаларға арналған қала сыртындағы "Күншуақ" лагері 600-дей баланы қабылдайды.

1 қыркүйекте қала сыртындағы "Әсем" жыл бойғы лагерінде 300 орындық мектеп және оқушылар үшін жабдықталған ұйықтайтын блок ашылады. Қобда ауданының Егіндібұлақ кентінде жыл бойғы лагерь құрылысы жоспарлануда.

5-9 сыныптардан 48 мың оқушы көгалдандыруға, бау-бақша, жөндеу және құрылыс жұмыстарына тартылатын болады, 24 мың бала қызығушылықтарына қарай үйірмелер мен спорттық секцияларға, аула клубтарына қатыстырылатын және қосымша біліммен қамтылатын болады, 5 мың бала "Жас Ұлан" қызметімен айналысады, тағы да 9 мың бала – жазғы мектептік тіл алаңдарымен айналысады.

"Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру барысында 3325 оқушыны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарына экскурциясын ұйымдастыру жоспарлануда, 2540 оқушы облыстың қасиетті жерлеріне бара алады.

Одан басқа, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында тамызда Байқоңыр – Түркістан – Ташкент – Самарқанд бағыты бойынша 100 оқушыға туристік сапар ұйымдастырылатын болады.

Түрлі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың 5 жеңімпазы - Татарстан Республикасындағы "Байтик" лагерінде, 5 мектеп оқушысы – ҚХР лагерінде, 120 бала – Орынбор облысының "Солнечная страна" лагерінде, 400 оқушы – Шығыс Қазақстан облысындағы "Дарын" лагерінде демалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу