Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында туған, деп жазады inbusiness.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы Менеджмент университетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастады.
1992-1993 жылдары Алматыдағы №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді.
1993-1996 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық училищесі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1996-2006 жылдары – Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.
2002-2006 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары – Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры.
2008-2016 жылдары Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры қызметін атқарды.
2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарды.
2017 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.