Балалардың күзгі демалысы "Күзгі интерактив" ұранымен өтеді

1464

Барлық іс-шара онлайн режимде жүзеге асады.

Балалардың күзгі демалысы "Күзгі интерактив" ұранымен өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова "Оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындылары" тақырыбында өткен онлайн брифингте мектеп оқушыларының 15 қарашаға дейін созылатын күзгі демалысы кезінде өтетін іс-шараларды сөз етті. 

"Күзгі демалыс күндерін еліміздің балалары "Күзгі интерактив" атты ұранмен өткізеді. Осы мақсатта мектептер өздерінің іс-шаралар жоспарын жасады. Жоспар аясында балалар құқық қорғау ұйымдарынан ақыл-кеңес алады, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждеріне виртуалды саяхат жасайды. Әртүрлі челлендждер өтіп, танымал спортшылармен кездеседі. 3D және робот техникаларын жасау жөнінде мастер тренингтер өтеді. Карантиндік шаралардың қатаңдатылуы себебінен барлық іс-шара онлайн режимде жүзеге асады", – деп айтып өтті Шолпан Қадырова.

Білім басқармасы басшысының мәліметінше, күзгі демалыс кезінде білім беру ұйымдарында "Бала құқығы – адам құқығы" айлығы өтіп, "Дұрыс тамақтану", "Бес қайырымды іс", "Мен Абайды жырлаймын" тәрізді челлендждер басталмақ.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу