Балалардың ойынынан өрт шықты

749

Ақтөбеде бір үйдің үш баласы көршінің көлігін өртеп жіберген.  

Балалардың ойынынан өрт шықты

Ақтөбеде саяжай аймағында тұрған автокөлік өртеніп кетті. Оны көршінің кішкентай балалары ойнап жүріп өртеп жіберген болып шықты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қаладағы "Спецавтобаза-2" саяжай ұжымында "Газель" борттық автокөлігі өртеніп, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметі тілсіз жаудың жайылып кетуіне жол бермей, ауыздықтап үлгерді. Белгілі болғандай, көлікті 5, 6 және 7 жастағы үш көрші балалары өртеп жіберіпті. Олар алдымен ойнап жүріп, орындықтағы "губка" материалына сіріңке тұтатқан. Кейін от өршіп кетіп, көлік түгелдей жанып кетеді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылған.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу