Балалардың өміріне қауіп төндіргендер жазаланды

727

Балалардың өміріне қауіп төндіргендер жазаланды

Сәуір айында Атбасар-Көкшетау тасжолында балалар мінген мектеп автобустың тасқын су астында қалуына жауапты адамдар жазаланды, деп хабарлайды abctv.kz.

Бұл оқиғаға қатысты Ақмола облысының прокуратурасы арнайы тексеріс жүргізген. Мән-жайды анықтау барысында, жергілікті полиция қызметкерлерінің балалар мінген автобусқа ілесіп жүрмегені анықталған. Ал, білім беру саласының мамандары болса полицейлердің келгенін күтпестен өз беттерінше жолға шығып кеткен. Осыған байланысты, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағандары үшін білім және жол полициясының 10 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу