Елімізде балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толық онлайн форматта elicense.kz порталы арқылы бере алады. Электронды формат рұқсат құжатын алу рәсімін жеңілдетіп, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығынын азайтады, сондай-ақ процестің ашықтығын арттырады.
Айта кетейік, 2026 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялауды енгізді. Осыған байланысты заңнамада "балалар сауықтыру лагері" ұғымы "балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы" терминімен ауыстырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру қызметін де қамтитын кеңейтілген функцияларын көрсетеді.
Лицензия алу үшін elicense.kz порталына кіріп, "Білім беру" бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау, қажетті мәліметті толтыру, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет.
Лицензиялық талаптар медициналық қызмет көрсетудің, қауіпсіздік жүйеснің болуын, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларын, санитариялық норманың сақталуын, балалардың тұруына қолайлы жағдай мен қажетті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуін қамтиды.
Аталған қызметті министрлік ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.