Балалардың тек 22%-ы қосымша білімді тегін алуда

973

Қосымша білім мекемелерінің дамуы тежеліп отыр.  

Балалардың тек 22%-ы қосымша білімді тегін алуда Фото: informburo.kz

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының бірінші оқылымында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осылай деп мәлімдеді. 

"Шынында да бүгінде қосымша білім мекемелерінің дамуы тежеліп отыр. Балалардың тек 22%-ы қосымша білімді тегін алуда. Беріліп отырған норманы іске асыру үшін Білім және ғылым министрлігінің компетенциясы беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың қосымша білім беруге тапсырыстары ораналастырылады. Бүгінде мұндай механизм бар. Ол Білім және ғылым министрінің 122 бұйрығында жазылған. Енді қосымша білім саласының ерекшеліктері ескеріледі. Өйткені оның бірнеше түрі бар", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу