Бүгін халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада арбатта балмұздақ фестивалі ұйымдастырылады. Бұл туралы Сарырарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды abctv.kz.
"Күнтізбе бойынша жаз 1 маусымнан басталады, бірақ ауа райына қарасақ бізге жаз келе ма, келмей ма білмеймін. 9 ай бойы біз оны тағатсыздана күтеміз, себебі жазда күн жылып, табиғат құлпырып, көңіл-күй ерекше болады, балалар демалысқа шығады", - дей келе әкім мерекеге орай балмұздақ фестивалі өтетінін хабарлады.
"Есіл жағалауындағы арбатта бүгін сағат 12:00-ден бастап балаларға 5000 тегін балмұздақ таратылады", - деп жазады Арман Тұрлыбек.
Олардың балалық шағы жақсы естеліктерге толы, алаңсыз өтсін дейді ол.