Балаларға 80 млн теңге қаржы бөлді

748

Балаларға 80 млн теңге қаржы бөлді

Биыл Ақмола облысында 107 мыңнан астам бала сауықтыру орталықтарында демалады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға көп. Аймақта бас-аяғы 16 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Одан бөлек білім ошақтарының жанынан 600-ден астам шағын демалыс орындары ашылады. Ал табиғат аясында серуендеп қана қоймай, өңірдің экологиясы, флорасы мен фаунасын зерттеуге бейім балалар үшін 100 шақты ашық аспан астындағы орталықтар қызмет етеді. Айта кетейік, балалардың жазғы демалысы үшін жергілікті білім басқармасы осы жылы 80 млн теңге қаржы бөліп отыр. Жолдама құны 9 мыңнан бастап 119 мыңға дейінгі аралықта. Ал 13 мыңға жуық бала тегін демалады. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар.

"Аудандарда ведомствоаралық комиссия құрылып, олар әрбір лагерьдің жазғы маусымға даярлығын тексереді. Бұл комиссияның құрамына білім бөлімінің мамандарынан бастап Төтенше жағдайлар департаменті мен қоғам денсаулығын қорғау департаментінің өкілдері енеді. Олар сауықтыру орталығын бастан-аяқ тексеріп шығады. Басты міндет – баланың қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ету", - деді облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Ольга Ковалева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу