Балаларға арналған баспа басылымдарының мәселелері талқыланды

429

Министр жиында балалар контентін құру кезінде заманауи технологиялар мен креативті идеяларды қолдану қажеттілігіне назар аударды.

Балаларға арналған баспа басылымдарының мәселелері талқыланды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда балаларға арналған баспа басылымдарын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шығармашылық зиялы қауым – Қазақстан балаларына" атты жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ақын-жазушылар, балаларға арналған баспа басылымдарының бас редакторлары, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ республикалық кітапхана директорлары қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі баспа басылымдар арқылы өскелең ұрпақтың өнер, білім, ғылым мен әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар балалар мен балалар әдебиеті индустриясы үшін заманауи қазақстандық журналистиканы дамыту, олардың дамуы үшін баспа басылымдарының рөлін арттыру, креативті контент жасаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ "Айгөлек" журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы, "Жеті әлем" журналының бас редакторы Оразхан Жақып, балалар әдебиеті Кеңесінің төрағасы Ақыш Нұрдәулет өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу  нәтижесінде балалар мен жастарға арналған туындылар жасайтын шығармашылық интеллигенцияны қолдау,  креативті индустрия аясында балалар басылымдарына арналған жобаларды ұйымдастыру, Әкелер форумы мен Ата-аналар форумында балалар тақырыбына арналған жеке секция өткізу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу