Балаларға арналған шыршада мерзімі өткен кәмпит сыйлық ретінде берілген

384

Ақсу әкімі келеңсіз жайтты түсіндірді.

Балаларға арналған шыршада мерзімі өткен кәмпит сыйлық ретінде берілген Фото: Константин Шелков

Келеңсіз жайт жеткізушінің кесірінен орын алған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов қалада орын алған жайт жайлы түсіндірді. Балаларға арналған шыршада мерзімі өткен кәмпит сыйлық ретінде берілген. Әкімнің айтуынша, бұл - жеткізушінің кінәсі. 

"Өкіншке орай, жаңа жылдық шырша мерекесі аясында келеңсіз жайт орын алған екен. Бұған кінәлі – жұмысына салғырт қараған жеткізуші. Шыршаға шақырылған балалар мен олардың ата-аналарынан кешірім сұраймын", –  дейді әкім әлеуметтік желіде. 

Әкім оқиғаға қатысы бар қызметкерлер мен жауапты адамдар тиісті жазасын алатынын атап өтті. 

Еске сала кетейік, Ақсуда ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған. Бұл жайлы әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу