"Балаларға арналған ұлттық қор" бастамасы еліміздің үкіметтік емес ұйымдарымен талқыланды

433

"Әділетті Қазақстан: барлығы және әрқайсымыз үшін азаматтық қоғам дамуының басты бағыты" атты Қазақстанның ХI Азаматтық форумының екінші кезеңі аясында Қаржы министрлігінде "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын іске асыруды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балаларға арналған ұлттық қор" бастамасы еліміздің үкіметтік емес ұйымдарымен талқыланды Фото: canva.com

Жиын барысында Қаржы вице-министрі Темірбеков Дәурен ҮЕҰ өкілдеріне 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірістерін 18 жасқа дейінгі балалар арасында бөлудің негізгі тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесуге қатысушылар жобаны жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру жөнінде де пікір алмасып, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктеме алды.

Өз кезегінде Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті Гүлнар Құрбанбаева таңдалған тақырыптың өзектілігін және мұндай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Түсіндіруге Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдері, Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, салалық ҮЕҰ өкілдері және Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу