"Балаларға ауыр тиіп жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа не үшін қолдау білдірмегенін айтты

4295

Өнер иесі Испания қаласында екі ұлымен шет тілін үйренуге кеткен еді.  

"Балаларға ауыр тиіп жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа не үшін қолдау білдірмегенін айтты Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деді актриса. 

Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта жанжалдасқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу