Балаларға қатысты қылмыстар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды

213

Бұрын қылмыстардың 30% татуласумен жабылатын.

Балаларға қатысты қылмыстар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды Фото: Pixabay.com

Балаларға қатысты қылмастар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң ның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева хабарлады.

"Бұрын қылмыстардың 30% татуласумен жабылатын. Сонымен қатар балаларға жыныстық сипатта тиісу деген жаңа бап енгізілді. Себебі бұрын осы әрекеттер үшін жауапкершілік болмаған. Педофилияға тек қана өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздедік. Сондай-ақ тергеу барысында балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар үшін адамды бірден қамауға алу қарастырылған. Балаларға жасалған буллингке және баланы автобустан шығарып жіберу бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді спикер ОКҚ алаңында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу