Балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енді ақшалай беріледі

631

Мұндай көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға ғана беріледі. 

Балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енді ақшалай беріледі Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялаудың жаңа шарттары туралы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz. Оған сәйкес атаулы әлеуметтік көмек отбасыларға ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін болады.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны болатын.

2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әрбір мүшесіне, яғни әр балаға АӘК-тің орташа мөлшері 6 650 теңгені құрады. Табысы аз отбасылардың балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5 174 теңге деңгейінде белгіленген. Дегенме, кепілдік берілген кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттай түрден ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар жиі түскен.

“Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды. Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді”, делінген ақпаратта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу