Балаларға тапанша таянған қаскөй ұсталды (Видео)

1148

Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Балаларға тапанша таянған қаскөй ұсталды (Видео)

Елордада балаларды тапаншамен қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды   қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"12 маусымда кешке сағат 20.00-де астаналық полиция қызметкері 51 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол Ш.Уәлиханов көшесінің бойында балаларды тапаншамен қорқытқан. Полицейге аулалардың бірінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала жүгіріп келіп, тапаншамен қорқытқан ер адам туралы хабарлаған", -  деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, полиция аға сержанты Руслан Шмидт бұл туралы әріптесіне хабарлап, балалар айтқан жерге қарай барып, ер адамды сөзге тартады, қолайлы сәт туғанда арнайы әдіспен тәртіп бұзушыны жерге құлатады. Сол сәтте оған әріптесі, аға лейтенант Жандос Өзбек көмекке келіп үлгерген.

Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, медициналық тексеру ер адамның мас күйде болғанын дәлелдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу