Сенатта Салық кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста бірқатар заң жобаларын талқылады. Оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бар.
Құжатта сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат рәсімдегенде мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.