"Балаларға зиян бояғыш бар": Ауғанстандық газдалған анар сусынына тыйым салынып жатыр

469

Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар. 

"Балаларға зиян бояғыш бар": Ауғанстандық газдалған анар сусынына тыйым салынып жатыр Фото: Ош мэрінің баспасөз қызметі

Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар сусынына тыйым салып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында жүргізіл енгізілген. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.

Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген. Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу