Оқушылары астан уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовке қандай қатысы бар?

2070

Асхат Аймағамбетов "туысын" таныды ма?

Оқушылары астан уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовке қандай қатысы бар? Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының мектеп директоры Тойлыбай Аймағамбетов депутат Асхат Аймағамбетовпен туыстық байланысы туралы тараған ақпаратқа нүкте қойды.

Сөзінше, туыстық қарым-қатынасы жоқ екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Мен, Аймағамбетов Тойлыбай Серікұлы экс-министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен тума-туыстық, дос-жолдастық қарым-қатынасымыздың жоқтығын мәлімдеймін", – деп жазды Тойлыбай Аймағамбетов.

Қоса кетейік, Маңғыстауда оқушылар уланған мектептен репортаж жазған журналистің материалында жазылғандай, Тойлыбай Аймағамбетов өзін Асхат Аймағамбетовтің туысымын деп таныстырған.

Алайда, экс-білім министрі Асхат Аймағамбетовтің өзі бұл адамды мүлде танымаймын дейді.

"Тегіміз бірдей неше адам бар екенбіз, қызық? Олардың бәрін менің туысым деп санасақ, проблеманың бәріне менің тегімді тіркесек – мәселе басқа қырынан ашыла түседі. Мысалы, бүгін, Маңғыстаудан репортаж жасаған басылым мектеп директорын менің туысым етіп жіберіпті. Бірақ, мен бұндай адам бар екенін бірінші рет естіп тұрмын. Жуырда тағы бір жетекші адамды менің туысым деп санаған, алайда, туыстық қатынасымыз жоқ. Айта кетейін, менің білім саласында басшылық қызметте жұмыс істейтін туыстарым жоқ", – деп жазды Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу