Балаларымды кінәлі деп есептемеймін – Жигули Дайрабаев

2414

Депутат Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасады.

Балаларымды кінәлі деп есептемеймін – Жигули Дайрабаев Фото: google

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Құрметті әріптестер, алдымен сіздерге ризашылығыамды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Аппелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?", - деді Дайрабаев.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлы сотталған еді. Олар  субсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 млн теңге шығын келтірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу