"Балаларыммен мазарға қонған кезім болды": "Бірақ..." бағдарламасының кейіпкері басынан кешкенін айтты

701

Оның айтуынша жолдасымен араларында 6 баласы бар. 

"Балаларыммен мазарға қонған кезім болды": "Бірақ..." бағдарламасының кейіпкері басынан кешкенін айтты Фото: видеодан алынған кадр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Гүлмира “Қорғау Астана” қорына берген сұхбатында басынан өткен оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша жолдасымен араларында 6 баласы бар. Күйеуі түзеліп келеді деген үмітпен шыдап жүрген.

"Күйеуім түзеліп, адам болатын шығар деп үміттендім. Бірақ адам өзгермейді екен. Балаларыммен қашып, мазарға қонған күнім болды. Басымнан өткен қиын күндерді есіме алғым келмейді. Мені ұрып-соғып, қолымды, омыртқамды сындырды. Күнде мені қарғап-сілеп, өлімімді тілейтін. Мұрнымды сындырды, бәріне көндім. Ішіп алып соғатын”, - дейді Гүлмира.

Оның айтуынша, күйеуі басқа әйелдері барын жасырмаған.

 "Менің анада қатыным бар, мынада қатыным бар, үйді босат" дейтін. Сонда да "бала-шағамды жетім қылмайын" деп жүрдім. Жұмыста жүрдім. Жұмыс істеп келетін. Өзі де жүргеннен кейін мені де жүретін қылатын", - деді ол.

Гүлмира полицияға арыз жазғысы келгенде ол жақтан келіп "сен алты балаңды баға алмайсың" деп тәртіп сақшылары дәрменсіздік танытқанын есіне алады.

"Күйеуім маған "бұл жердегі полицейлердің ешқайсысына арыз жаза алмайсың, оның бәрін мен өзім тағайындап алғанмын" деді. Ешкімге сөзім өтпейтінін білдім", - дейді Гүлмира.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу