Балаларымның таңдауына құрметпен қарауды сұраймын – Саясат Нұрбек

799

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің балалары шетелде білім алуын жалғастырып жатыр.  

Балаларымның таңдауына құрметпен қарауды сұраймын – Саясат Нұрбек

Бұл туралы министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Шынында да, мен уәде бердім және сол уәдемде тұрдым. Балаларым жазда оралды. Олар 4 жыл бойы Кипрдегі жеке мектепте оқып жатыр. Ондағы білім біздің жеке мектептерге қарағанда сапалы және арзан. Балалармен бұл тақырыпта сөйлестік. Олар өз таңдауын жасады. Мен балаларымның таңдауына құрметпен қарауым керек. Олар Кипрде оқуын жалғастыруға шешім қабылдады. Қазір бар күшімді, уақытымды жоғары білім, университеттік ғылым мәселелерін шешуге жұмсаудамын. Балаларымның таңдауына құрметпен қарауды сұраймын. Кәсіби қызметіме қатысты кез келген сұрақтарға әрдайым ашықпын", – деді ведомство басшысы.

Министр осымен бұл тақырыпты жабуды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу